Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Салалық журналистерді оқыту жалғасады - Аида Балаева

2021 жылдың 26 мамыр 2021 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салалық журналистерді оқыту жалғасады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл бұл жұмыстарды бастап кеттік. Журналистерді оқыту, біліктіліктерін арттыру бойынша нақты жоспар бар. Сондықтан бұл жұмыс дәстүрлі әрі жүйелі түрде жалғасады. Өйткені, БАҚ-ты, кәсіби журналистерді қолдауға мүдделіміз. Бүгінде түрлі сала бағытында үш топ оқыды. Алдағы уақытта да жалғасатын жұмыстың форматы – онлайн. Бұл қатысушыларды, оның ішінде өңір журналистерін кеңінен тартуға мүмкіндік беріп, олардың дамуына септігін тигізеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта медицина, дін, ІТ-технология, экология бағыттарындағы жоғары оқу орындарында журналистерді салалық оқыту жүзеге асырылды.

«Бұл тізбе кеңейтіле түсетін болады. Жоспарымызда қоғамымыз үшін маңызды ауыл шаруашылығы, этносаралық қатынас мәселелерінде жоғары оқу орындарымен жұмыс істеу бар. Тағы да қайталап айтамын, жұмысты бастадық әрі ол бірқалыпты, жүйелі түрде жалғаса береді», - деді Аида Балаева.


Жоғары қарай