Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Салондардағы автомобиль тапшылығы кредит беруге кері әсерін тигізді – Ұлттық банк

2022 жылдың 24 мамыр 2022 15:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салондардағы автомобиль тапшылығы кредит беруге кері әсерін тигізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Автокредитке деген сұраныстың төмендеуі жеңілдетілген кредиттеу бағдарламаларының болмауымен байланысты. Ал салондардағы автомобиль тапшылығы кредит беруге теріс әсер етті. Биылғы I тоқсандағы жағдай бойынша, автокөлікке мақұлданған кредит өтінім үлесі 13%-дан 10%-ға дейін төмендеді. Оның үстіне автокредиттеу талаптары қатаңдатылған», - делінген Банк хабарламасында.

Сондай-ақ II тоқсанда іске қосылатын жеңілдетілген автокредиттеу бағдарламасы аясында траншты алу жоспарланғанмен, банктер автокредиттеуге қатысты сұраныстың азаятыны болжануда.

Оның үстіне банктер бөлшек кредиттеудің барлық сегменті бойынша талаптарды күшейтпек.


Басты сөздер: Көлік, Кредит, ҚР Ұлттық банкі,
Жоғары қарай