Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Салоннан алған жаңа көліктерді есепке қою уақытша тоқтатылды

2021 жылдың 27 желтоқсан 2021 16:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің базасындағы техникалық ақауға байланысты салоннан сатып алынатын жаңа автомобильдерді тіркеу мүмкін болмай тұрғанын құлағдар етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысындағы ақау салдарынан базадағы деректер ХҚО-ның ақпараттық жүйесінде көрсетілмей тұр. Сондықтан автосалоннан сатып алынатын жаңа машиналарды есепке қою қызметі уақытша қолжетімсіз. Жауапты орган тарапынан ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Жүйенің қалпына келтірілгені және жаңа көліктерді тіркеу бойынша қызметтің қайта жүргізіле бастағаны туралы қосымша хабарланатын болады.


Жоғары қарай