Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 31 мамырға ауыстырылды

2020 жылдың 12 мамыр 2020 12:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев салықтық әкімшілендіру саласындағы жеңілдіктерді түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер мен әлеуметтік жарналарды (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қызметкер үшін әлеуметтік және медициналық сақтандыру) төлеуге, сондай-ақ салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыс мерзімін ұзарту енгізілді», - деді М. Тәкиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол төтенше жағдай кезеңінде салықтық тексерулер тоқтатылғанын еске салды.

«2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылды», - деді.

Атап айтқанда, жалпы салықтық шаралар 700 мыңнан астам салық төлеушіні қамтиды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәди Такиев биыл Қазақстанда салық жеңілдіктері ескерілген кәсіпкерлік қызметтері туралы айтып берді.


Жоғары қарай