Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Салық есептілігінің ұсыну мерзімін қалай ұзартуға болады

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 17:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Электронды нысанда ұсынылған жағдайда салық есептілігінің ұсыну мерзімін ұзартуға болады. Ол үшін тиісті хабарламаны қағаз немесе электронды түрде тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жіберу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының «Төтенше жағдайды енгізу туралы» 2022 жылғы 5 қаңтардағы №732 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында
2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты Интернеттің дүниежүзілік компьютерлік желісіне қолжетімділік шектелген.

Осыған байланысты салықтық есептілігін электронды түрде ұсыну мүмкіндігі шектеулі.

«Салық кодексінің 212-бабына сәйкес салық төлеушілер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілікті электронды нысанда ұсынған жағдайда оны ұсыну мерзімін ұзартуға құқылы», - дейді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Салықтық есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту үшін тіркеу есебіне қойылған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына уәкілетті орган белгілеген нысанға байланысты, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы салықтық есептілікті ұсыну үшін Салық кодексінің белгіленген мерзім өткенге дейін хабарлама қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберілуі қажет.

Хабарламаны электронды түрде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» web-қосымшасы, «электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы жіберуге болады.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабын қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі:

- корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;

- салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын;

- тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

Тиісінше, қаңтарда тапсырылуы тиіс 101.01 және 328.00 нысандары бойынша салықтық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылмайды.

Арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге қатысты ұзартылмайды.

Тиісінше, тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі бар, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын дара кәсіпкерлерге салықтық есептілікті тапсыру мерзімі ұзартылмайды.

Мысалы, «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» 200.00-нысан бойынша 2021 жылғы 4-тоқсанға салықтық есептілігін табыс ету мерзімі 2022 жылдың 15 ақпанында аяқталады.

Бұл мысалда, егер тәуекелдер деңгейі:

орташа болса – салық төлеушілердің барлық санаттары үшін;

жоғары болса – арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге 200.00-нысан бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімі белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

Сәйкесінше, декларацияның ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, декларацияны 2022 жылдың 2 наурызынан кешіктірмей тапсыру қажет.

Бұл ретте егер тәуекелдер деңгейі төмен болса, онда декларацияны тапсыру мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге ұзартылады, яғни мерзімін ұзартқан салық төлеушілер 2022 жылдың 17 наурызынан кешіктірмей тапсыруы керек.

Екінші мысал, 2021 жылдың екінші жартыжылдығы үшін 910.00 нысандағы оңайлатылған декларацияны тапсыру мерзімі 2022 жылдың 15 ақпанында аяқталады. Декларацияны тапсыру мерзімі 200.00-нысандағы салық есептілігіндей ұзартылады.


Жоғары қарай