Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Салық төлеуші берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыра алады - Смайылов

2020 жылдың 11 мамыр 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Салық төлеуші берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыра алады. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты арнайы салық режимін қолданылатын 1,2 миллионға жуық микро және шағын бизнес субъектілері жыл басынан бастап 3 жылға барлық табыс салықтарын төлеуден босатылды. Сонымен қатар қызметтерін жалпы режимде жүргізетін жеке кәсіпкерлер осы жылдың соңына дейін табыс салығын төлеуден босатылған еді. Бұл - шамамен тағы 72 мың кәсіпкер», - деді ол Үкімет үйінде өткен брифингте.

Бірінші вице-премьердің атап өтуінше, 2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнестің 1,3 млн субъектінің бюджетке төлейтін салықтары мен төлемдерді, оның ішінде әлеуметтік төлемдерді төлеуі кейінге қалдырылды. Аталған мерзімге дейін салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылады.

«Ал қосымша айтарым, «Салық« кодексіне сәйкес, егер салық төлеуші берешектерін төлей алмайтын жағдайда болса, онда олар өздерінің тіркелген жерлері бойынша осы берешектерін төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне барып жүгінулеріне болады», - деді Әлихан Смайылов.


Жоғары қарай