Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Самат Ерғалиев Спорт комитетінің төрағасы болып тағайындалды

2021 жылдың 15 қараша 2021 10:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Ерғалиев Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.

2012-2018 жылдары «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2018-2020 жылдары — «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры.

2020 жылғы сәуір-қараша аралығында – «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы.

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы болды.


Жоғары қарай