Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

«Самұрық-Қазына» «Қазпоштаны» сатып жатыр

2020 жылдың 4 маусым 2020 23:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазпошта» Акционерлік қоғамы сатылады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі компания - «Қазпошта«. Осы жылдардың ішінде Қор компанияға 28 млрд теңге инвестиция бағыттады. Шалғай аудандардағы желілерінде 8 млрд теңге шығыны бар. Жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін субсидия 4,2 млрд теңгені құрайды. Сондықтан кеңесшілер тікелей атаулы сатуды ұсынады», - деді Ахметжан Есімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қорды басқару жөніндегі кеңесте.

Оның атап өтуінше, инвесторлар тарапынан қызығушылық бар.

«Әрине, бұл жұмыстар да оңай емес. Дегенмен, мақұлданған жағдайда біз оны барынша табысты жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын»,- деді Ахметжан Есімов.



Жоғары қарай