Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы атап өтілді

2021 жылдың 28 ақпан 2021 17:21

САНКТ-ПЕТЕРБОР. ҚазАқпарат – Санкт-Петербор қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара Жамбылдың 175 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсы орайластырылған.

Рәсімге Бас консулдық қызметкерлерімен қатар ТМД Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері, Санкт-Петербор қаласы және Ленинград облысының әкімшілігі, қазақ диаспорасының белсенділері, қазақстандық студенттер, петерборлықтар және қала қонақтары қатысты.

Қатысушылар өткізіліп отырған іс-шараның екіжақты мәдени ынтымақтастықты кеңейту және нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Шара барысында Жамбылдың қоршаудағы Ленинград тұрғындары үшін аса жақын болған «Лениградтық өренім» шығармасы орындалды.

Еске сала кетсек, Санкт-Петербордың Орталық ауданында Жамбыл Жабаевтың ескерткіші 2003 жылы Қазақстанның қаланың 300 жылдығына сыйлығы ретінде орнатылған.











Жоғары қарай