Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сапалы жоспарлау стандарты: Атырау қаласын дамыту тұжырымдамасы қалай іске асады

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 19:40

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Сапалы жоспарлау стандарты аясында Атырау қаласын дамыту тұжырымдамасы қалай іске асатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде еліміздегі қалалар аумағын сапалы жоспарлау стандарттары жобасын ұсынған еді.

Министрдің мәліметінше, Атырау облысы бойынша инфрақұрылымның, тұрғын үйлердің жағдайы, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мәселелері қамтылған.

«Атырау қаласын дамыту тұжырымдамасында құрылысты дамыту, 10 негізгі және 6 шағын көшелерді реновациялау, негізгі бағыттардағы 150-ден астам ғимараттың қасбетін реконструкциялау жобасы бар. Сондай-ақ, 10 саябақ пен скверді реконструкциялау мәселесіне назар аударылатын болады», - деді министр.


Жоғары қарай