Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатындағы міндеттерді атады

2021 жылдың 2 наурыз 2021 09:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6 пайызға артып, 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында іс жүзінде барлық макрокөрсеткіштер бойынша оң өсу серпіні байқалады. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6 пайызға артып, 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең үлкен өсім. Бұл ретте, тамақ өнімдері өндірісі 4 пайызға өсті», - деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған министр.

Оның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту мақсатында ішкі нарықты 80 пайыздан астам деңгейде азық-түлік тауарларымен молықтыру; 1 млн ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру; еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру; өңделген өнім экспортын 2 есеге ұлғайту міндеттері қойылды:

«Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен молықтыру жөніндегі міндетті шешу үшін министрлік импортын қысқарту қажет позицияларды айқындады. Бұлар – құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант және балық. Бүгінгі күні алдағы үш жылға арналған бағыттардың әрқайсысы бойынша инвестициялық жобалардың нақты пулы айқындалды», - деді Сапархан Омаров.


Жоғары қарай