Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сапархан Омаров көктемгі егіс науқанын қаржыландыру жұмыстары туралы айтты

2020 жылдың 17 наурыз 2020 11:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров көктемгі егіс науқанын қаржыландыру жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бюджеттік несие бөлінді, бұл өткен жылдардан 10 млрд теңгеге артық. Түпкілікті қарыз алушылар үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5 пайыздан аспайды», - деді С. Омаров Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие беруді екінші деңгейдегі банктердің кепілдігімен тікелей корпорация арқылы жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ кредит беруді одан әрі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру үшін өңірлік инвестициялық орталықтардың кепілдігімен екінші деңгейдегі банктерді, кредиттік серіктестіктерді, өңірлік инвестициялық орталықтарды әрі микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы да жүзеге асыру көзделіп отыр.

«3 млн гектар егіс алаңын қаржыландырумен қамту, 2 400 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге несие беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта 56 млрд теңге сомасына 1 516 өтінім қабылданды, 22,9 млрд теңге сомасына 1,4 млн гектар алаңды қамтитын 258 өтінім қаржыландырылды», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,5 млн гектар алаңға егіледі. Сонымен қатар министр көктемгі егіс науқанына техниканың дайындық деңгейі туралы баяндады. Мұнымен қоса, тұқымды Қазақстаннан алғандар да, шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алғандар да субсидиялық қолдауға ие болады.


Жоғары қарай