Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сапасыз белгілер мен таңбалар жол апатына себеп болып отыр - Замир Сағынов

2020 жылдың 29 қазан 2020 19:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сапасыз белгілер мен таңбалар жол апатына себеп болуда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне қарасты «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Сағынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы қазан айында белгілер мен таңбалардың сапасын бағалауға арналған жалпы республикалық акция өткізді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, тексерілген 5 мыңға жуық белгінің 46 пайызы нормаға сәйкес емес болып шыққан.

«1620 шақырым жол белгілерінің 251 шақырымы стандартқа сай емес. Қала көшелері бойынша белгілердің 50 және таңбалардың 40 пайызы стандартқа сай болмай отыр. Бұл мәселені шұғыл назарға алу керек», - дейді Замир Сағынов.


Жоғары қарай