Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Сапасыз техникаға шағымдар көбейді - Ұлттық тұтынушылар лигасы

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 22:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская қазіргі кезде тұрғындар арасында сапасыз техникаға шағымдар көбейгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің лигаға адамдар көбіне пәтер иелері кооперативі жұмысына, тариф мәселелері бойынша өтінімдер мен шағымдар қалдырады. Қазіргі кезде техникаға (тұрмыстық техника) қатысты шағым өте көп. Шағымдардың 40 пайызы сапасыз техникаға байланысты. Неге осындай жағдай туындады? Бізде тәуелсіз мемлекеттік сараптамалар жоқ. Егер де сіздің техникаңыз істен шығып қалса, осы компанияның сервистік орталығына алып барады. Бұл орталықтар техниканың істен шыққанына өзіңізді айыптап құтылуға тырысады», - Светлана Романовская Қ Р Сауда және интегерация министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдерімен кездесу барысында.

Осы орайда ол кәсіпкерлер Қазақстанда тұтынушылар құқығы бар екенін түсінуі керектігін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада ҚР Сауда және интегерация министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен Ұлттық тұтынушылар лигасының арасында меморандум бекітті.

Сонымен қатар, Светлана Романовская дәрілік препараттарды тексерудің қиындықтары туралы айтты.

«Бүгінде бізде дәрілік препараттарды тексеру мүмкін емес. Себебі зертханада тексеру үшін өндірушіге сұраныс жолдау керек. Өз кезегінде өндіруші бұдан бас тартуы мүмкін, яғни олар ақпарат бермейтінін мәлімдей алады», - деді ол.


Жоғары қарай