Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Саран қаласында автобус қағып кеткен 35 жастағы тұрғын мерт болды

2020 жылдың 18 қараша 2020 19:00

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Саран қаласында автобус ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 қараша таңғы сағат 4:00 кезінде Саран қаласынан бес шақырым жердегі «Саран» шахтасының маңында 55 жастағы Setra жұмыс автобусының жүргізушісі 35 жастағы ер адамды қағып кетті.

Қала тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рульге ие бола алмай қалған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында жолаушылар болған жоқ.

«Аталған факті Саран қаласының полиция бөлімінде тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды» деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай