Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Сарапшы: «Рухани жаңғыру» - маңызды тұжырымдамалық міндет

2019 жылдың 20 маусым 2019 17:47 854

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» маңызды тұжырымдамалық міндет болып саналады. Мұндай пікірді Халықаралық мәдениет және дін орталығының директоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі, философия ғылымдарының докторы Айдар Әбуов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымда ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде айтқан елді дамытудың 10 міндетінің 8-шісінде  «Рухани жаңғыру» құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала беретіндігін айтқан еді.

«Рухани жаңғыру» - бұл біздің жасамапаз болашағымызды айқындайтын тұжырымдамалық міндеттердің бірі. Ендігі уақытта тарихымыздағы «ақтаңдақтармен» байланысты көптеген мәселелерді шешіп, соңғы нүтке қою үшін өткен тарихымызды қалпына келтіру өзекті бола түседі. Өткеннің позитивті тәжірибесі мен баға жетпес ескерткіштерін жүктеу тұрғысында бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Өткен ғасырда жасампаздықпен қатар білдіру қатар жүрді. Өйткені, саяси процесстер орын алған еді. Міне дәл осы жерде күрделі жұмыстарды атқару қажет болады, оны тек зерделей ғана бастадық. Әрине, «Рухани жаңғыру» көшелерді атаумен ғана шектеліп қалмайды. Біртұтас тұжырымдама, біртұтас тарихы қалыптастыруымыз керек. Онда үлкен еліміздің әрбір өңірі бір-бірімен байланыста болады. Тарихы бір, өңірі бір, алға қойған мақсаты бір біртұтас халықты көрсетуіміз қажет», - деді  Айдар Әбуов.

Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасын жұзеге асыру үшін алғышарт дайын тұр. Елімізде білікті, өз ісінің майталман тарихшылары да, саяси ерік-жігер де бар.

 

 

Жоғары қарай