Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Сарапшылар жасөспірімдердің жыныстық сауаты мәселесін талқылады

2020 жылдың 24 ақпан 2020 17:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Достық үйінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денсаулық кодексін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында көпшіліктің талқылауына жастардың жыныстық тәрбиесі туралы мәселе шығарылды. Жаңа заң жобасында бұл мәселелер қаралған.

ҚР балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Аружан Саин балаларға 16 жасынан бастап ата-анасының қатысынсыз дәрігер кеңесін алуға рұқсат беру қажеттігін алға тартты.

Оның айтуынша, бұл көп балалардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалмақ.

Ал ҚР Мәжіліс депутаты, Денсаулық кодексін қарау бойынша жұмыс тобының төрағасы Зәуреш Аманжолова осы бағытта кодекске өзгерістер есепке алынатындығы туралы айтты.

«Бүгін сарапшылардың айтқан статистикасын өздеріңіз естіген боларсыздар. Қазір балалардың 40 пайызы 16-16,5 жаста жыныстық қатынасқа түседі екен. Егер осы жаста бала дәрігерге келсе, дәрігерлер ата-анаңды алып кел дейді. Ал бала ата-анасына айтудан қорқады немесе ұялады. Содан ол қайтып келмейді. Ол қасындағы құрбыларынан, достарынан, интернеттен ақыл сұрай бастайды. Сондықтан консультативтік көмек 16 жастан болуы керек. Бұл осы Кодексте қарастырылатын болады», - деді Зәуреш Аманжолова.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа Кодекс жобасын ҚР Мәжілісінің Палата Спикері Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында талқыға салған болатын.



Жоғары қарай