Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сәрсенбіге арналған ауа райы

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 02:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбіде Қазақстан аумағында жел күшейіп, тұман тсүеді, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды қазАқпарат қазгидрометке сілтеме жасап.

2 желтоқсанда фронталды бөліктердің ықпалымен еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-батысы және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе қар), солтүстіктің кей жерлерінде – аздаған қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде антициклонның әсерінен күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстікте жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі мүмкін, Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай