Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарыағаш тұрғыны карантин кезінде 200 адамды жинап, қыз ұзату тойын жасаған

2021 жылдың 25 ақпан 2021 01:24

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғын 200-ге жуық адамды жинап қыз ұзату тойын жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантин талаптарын бұзып, отбасылық жиын ұйымдастырушыны полицейлер анықтаған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тойханалардың бірінде қыз ұзату тойы өтіп жатқаны туралы хабарлама полицияға келіп түскен.

Осы хабарды алысымен тәртіп сақшылары мобильді топпен бірге тез арада көрсетілген мекенжайға жетіп, тексеру жұмысын жүргізген.

Нәтижесінде тойханаға 200-ге жуық адам жиналып, той өтіп жатқаны белгілі болған.

Полицейлерден құрылған мобильді топ тойды тоқтатып, қонақтарды тарқатқан.

Той иесіне ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, СЭББ-ға жолданған.





Жоғары қарай