Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сарыағашта анасы мен баласы тәжікстандықтың автотұрақтағы 9 машинасын сатып жіберген

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 11:10

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция басқармасына Тәжікстан Республикасының азаматынан биылғы мамырда шекара бекеті маңындағы автотұраққа қойған 9 автокөлігін белгісіз біреулердің сатып жібергені туралы арыз түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша жәбірленуші арада бірнеше айлар өткеннен кейін көліктері жоқ екенін біліп, полициядан көмек сұрайды. Аталған жайт АПБ-не ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркелді.

Кешенді шұғыл-іздестіру шарасының нәтижесінде күдіктілердің жеке-басы анықталды. Олар жәбірленуші көліктерін сеніп тапсырып кеткен автотұрақта жұмыс жасаған әйел мен

оның ұлы болып шықты. Полицейлер қылмыс жасап, жасырынған күдіктілерді Қазығұрт ауданындағы туысының үйінен тауып, ұстады. Олар өз кінәларын толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай, 2019 жылы алаяқтық жасап, 3,5 жыл мерзімге бас

бостандығы шектелген тұрғын қайта қылмыс жасаған. Анасын көндіріп, көліктердің алтауын Шымкент қаласында 5 миллион теңгеге сатып жіберген. Ал, қалғандарын Сарыағашта

бөлшектеп 2.5 миллионға өткізген. Ақшаны өз қажеттіліктеріне жаратқан.

Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты зат ретінде алынған көліктер заңды иесіне

қайтарылды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай