Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сәтбаев қаласында 6 жасар қызды иттер талап өлтірді

2020 жылдың 15 қараша 2020 21:05

СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласының саяжай массивінде кішкентай қыз ересектердің қарауынсыз ойнап жүргенде баланы иттер талап тастаған. Алған жарақаттардан сәби оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 қараша күні сағат 17:00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне «жедел жәрдем» дәрігерлерінен қаланың саяжай қоғамдарының бірінде жануарлардың тістеген іздері бар 6 жасар қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің ата-анасымен бірге саяжай қоғамының бір үйінде тұрғанын анықтады. Сол күні үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз жүрген қыз иттердің арасында жалғыз қалып қойған.

«Қайғылы өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда. Полицейлер баланың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде. Иттерді аулау бойынша тиісті ветеринарлық қызметтерге нұсқама жолданды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Жоғары қарай