Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сәтбаевта көше жарығын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды

2021 жылдың 15 маусым 2021 07:47

СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Сәтбаевта көше жарығы қалпына келтірілуде. Дүниежүзілік банк грантының арқасында қалада 1 454 жарықдиодты шам орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа шамдарды орнату «Сәтбаев қаласының көшелерін жарықтандыруда энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру бойынша жаңғырту» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жұмыстар басталды. Қайта құру қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ көшені жарықтандыруды қадағалауда және жаңғыртуда айтарлықтай қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Әлемдік оң тәжірибені зерттеу және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату үшін Сәтбаев 2013 жылы Еуропалық Одақтың «Мэрлер келісімі« жобасына қосылды. Біз «Қазақстанда энергиялық тиімді жарықтандыруды ілгерілету« жобасын әзірлеуге, бұдан әрі жаһандық экологиялық қордың шағын гранттары бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектептерді энергиялық тиімді жарықдиодты жарықтандыруды жүз пайыз енгізу жөніндегі жобаға қатыстық. Жуырда «Сәтбаев қаласының көшелерін жарықтандыруда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғырту« жобасын іске асыру үшін Дүниежүзілік Банктің грантына ие болдық», – деп атап өтті Сәтбаев әкімдігінде.


Жоғары қарай