Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сәтбаевта зорланған 5 жасар қыз: Сотталған ерлі-зайыптыларға қатысты үкім өзгеріссіз қалды

2021 жылдың 29 қазан 2021 11:01

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық соты Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды зорлау ісіне кінәлі деп танылған ерлі-зайыптыларға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылардың жазасы жеңілдемейтін болды.

Сотталғандар мен қорғаушылар сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым берген болатын.

Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды

Айыпталған ерлі-зайыптылардың күйеуі өмір бойына сотталса, әйелі – 22 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Олар Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды: сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны (ҚК 121-бабы 4-бөлігі), жас баланы зорлағаны (ҚК 120-бабы 4-бөлігі), денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін (ҚК 106-бабы 2-бөлігі 3-тармағы),5),11).

«Сотталғандардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен расталған. Бұл жаза олар жасаған қылмыстардың ерекше ауырлығын ескере отырып әділ болып табылады. Заңның талаптарына сәйкес (ҚК 46-бабы 4-бөлігі) өмір бойына бас бостандығынан айыру әйелдерге тағайындалмайды, сондықтан П-ның жұбайы 22 жыл түрмеде отырады. Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға Сәтбаев тұрғындарының наразылығын тудырып, елді дүрліктірген болатын.

Оқиға 23 шілдеде болды. Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің 5 жасар қызы жоғалып кеткенін хабарлаған.

Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің бүкіл құрамы мен волонтерлер іздеу нәтижесінде 5 жасар баланы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен тапты.

Аталмыш іс бойынша 58 жастағы ер адам ұсталған болатын.

6 қазан күні Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жас қызды зорлағаны үшін тұтқындалған күдіктінің денесі табылды.


Жоғары қарай