Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сауд Арабиясында қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты

2019 жылдың 17 қазан 2019 08:32

ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында қажылыққа барған 35 адам жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полиция мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Arab News агенттігінің хабарлауынша, Мәдина қаласынан 170 шақырым жерде Әл-ахал елді мекеніне жақын тұста Хижраға бара жатқан автобус басқа бір көлікке соғылған.

Кей деректерге қарағанда, 39 жолаушысы бар жекеменшік автобус жүк көлігіне барып соғылған.

Зардап шеккендер әл-Хамна ауруханасына жеткізілген.

Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай