Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сауда орталығындағы әйел өлімі: Полиция тергеу бастады

2021 жылдың 23 қараша 2021 12:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы сауда, ойын-сауық орталығындағы әйел өліміне байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 22 қарашасында, сағат 21:31-де жедел жәрдем бригасы 102 арнасына қоңырау шалып, Mega Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында тіршілік белгісі жоқ 28 жастағы әйелдің мүрдесі табылғаны туралы хабарлады. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.

Бұған дейін сауда, ойын-сауық орталығында әйелдің көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай