Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Саяси қуғын-сүргін туралы жас ғалымдардың еңбектерін жариялауға көмектесеміз – Аида Балаева

2021 жылдың 28 мамыр 2021 20:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияға көмек ретінде министрлік сайтында ғалымдардың материалын жариялайтын парақша ашуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жас ғалымдардың комиссия жұмысына қосылу және қатысу мүмкіндігін қарастыру қажет деп санаймын, өйткені бұл жас тарихшылардың ғылыми ізденістері үшін жағдай жасауға ықпал етеді. Архивтердің қолжетімді болуы да – таптырмас мүмкіндік. Өңірлерде де бірегей жұмыстар жүргізіліп жатыр, өйткені бұл жас ғалымдардың жұмысын өңірлік деңгейде ұйымдастыруға көмектеседі. Мұның бәрін бір алаңға негіздеу керектігі түсінікті. Комиссияға көмек ретінде біздің сайтымызда ғалымдардың материалдарын, ғылыми мақалаларын жариялай алатын жеке парақша құруды ұсынамын. Осылайша біз оларды бөлек жүйелей аламыз», - деді А. Балаева «АЛЖИР» кешенінде жас ғалымдармен кездесуде.

Оның айтуынша, бұл жұмысқа барша қоғамды тарту қажет.

«Жекелеген жұмыс топтары жұмыс істейтіні түсінікті. Мұнда бүкіл қоғамды байланыстыру маңызды. Өйткені, әрбір қазақстандық отбасының өз тарихы бар, әрбір адам мұрағатты жеке естеліктермен толықтыра алады және оларға ашық түрде қолжетімді етуге болады. Сондықтан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ретінде жас ғалымдарға өз әлеуетін кеңінен пайдалануға, тиісінше халықаралық әріптестерінің назарын аударуға мүмкіндік беру үшін жеке ақпараттық алаңдар, айдарлар, бағдарламалар құруға дайынбыз», - деді министр.

Министр бұл мәселеде халықаралық деңгейде өзара іс-қимыл құру маңызды екенін атап өтті.

«Мәселен, «АЛЖИР» бірегей кешеніне жыл сайын көптеген елдердің елшіліктері келеді. Әрбір ел мұнда аналары, әжелері жерленгенін көрсеткісі келеді. Бейнежазба түсіреді, гүл шоғын қояды. Бұл жас ғалымдарды басқа елдерде тұратын әріптестерімен байланысуға ынталандырады. Халықаралық деңгейде өзара іс-қимыл жасау өте маңызды, өйткені бұл комиссияның тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді, осындай қайғылы оқиғаларға тап болған елдерді жобаға тартуға мүмкіндік береді», - деді Аида Балаева.


Жоғары қарай