Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Саяси партиялар қатарында жастар санының артуынан ұтылмаймыз - жастар қоғалысының көшбасшысы

2020 жылдың 25 мамыр 2020 20:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының көшбасшысы Асхат Садырбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, саяси партиялар қатарындағы жастар санының артуынан ұтпасақ ұтылмайтынымыз анық. Керісінше жастарды қоғамдық-саяси процестерге барынша тартуымыз қажет-ақ. Олардың санын саясатта ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың тыныс-тіршілігінің өзге де салаларында арттыра түсу қажет дер едім», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл заң жобаларының барлығы да Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әзірленіп отыр және олар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жан-жақты қаралаған. Бұл құжаттар қоғам сұранысына толықтай жауап бере алатын саяси реформалардың бөлігі саналады.

«Толықтай алғанда, қабылданған заңдардың қоғамымыз үшін, мемлекетіміз үшін өмірлік мәні өте зор», - деді Асхат Садырбай.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай