Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Саяси партиялардың әкімдер сайлауына үміткер ұсыну тәртібі заңмен бекітіледі

2021 жылдың 13 сәуір 2021 16:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саяси партияларға әкімдер сайлауына кандидат ұсыну мүмкіндігін беру үшін Саяси партиялар туралы заңның жарғысына түзету енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Әлішев Әбдіқадыров Мәжілісте айтты.

«Мемлеттік қызмет туралы заңға енгізілетін өзгертулер аудандық маңыздағы қалалардың, кент пен ауылдың, ауылдық округтердің әкімдерін ротациялау мен аттестаттау, тәртіптік әрекеттер үшін лауазымын төмендету және өндіріп алу шараларын қозғайды. Ал Саяси партиялар туралы заңға саяси партиялардың ауыл әкіміне үміткерлерді ұсыну бойынша құқықтары мен міндеттері туралы жарғыны толықтыра отырып түзетулер енгізіледі», - деді вице-министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасында саяси партиялардың Мәжіліс сайлауына тіркеуден өту шегін 5 пайызға түсіру көзделген.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын таныстырды.



Жоғары қарай