Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сайрам ауданында елдімекендер толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған

2020 жылдың 30 қараша 2020 11:21

САЙРАМ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 4 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су жүйелері орташа жөндеуден өткізілген. Нәтижесінде ауданның 42 елді мекені 100% орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде аудандағы 12 елдімекенде табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Көгілдір отын берілген жағдайда 27 164 тұрғын табиғи газбен қамтылмақ. Ал қазіргі таңда 5 елді мекенге газ беру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, биыл автомобиль жолдарын дамытуға республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 45 жолға, яғни 89,9 шақырымға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселген. Бүгінгі таңда 45 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталған. Тағы облыстық маңызы бар «КХ-3- Көксәйек - Шаян - Аққала - Сарқырама» жолының 5 шақырымы жөндеуден өтіп, нысан 2021 жылға өтпелі болуда. Жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағатты жағдайдағы үлесін 52,7%-дан 59,4%-ға дейін арттыру көзделуде.

















Жоғары қарай