Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сайрамдық кәсіпкерлер ауруханаға 19 өкпені жасанды желдету аппаратын сыйлады

2020 жылдың 15 шілде 2020 17:37

САЙРАМ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Сайрам ауданының кәсіпкерлері 5 млн теңге көлемінде қаржы жинап, оның 3,5 млн теңгесіне 19 медициналық тыныс алу құрылғысын сатып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өкпе қабынуына, коронавирус індетіне шалдыққан науқастарға аса қажет құрылғылар аудандық орталық ауруханаларға орнатылды.







Игі бастаманы Қарабұлақ ауылының тұрғыны, ерікті Б.Хасантаев ұйымдастырып, қажетті медициналық құрылғылар Алматы қаласынан жеткізілген.

Сондай-ақ, волонтерлер оттегі баллондарын толтыру жұмыстарына да атсалысуда.

Кәсіпкерлер демеушілігінен артылған қаражатқа ауруханаға азық-түлік алынған. Себебі, ондағы медицина қызметкерлері 14 күнге дейін үйінен оқшауланып, еріктілер сонда қызмет көрсетіп келеді.

Айта кетейік, аудан бойынша Ақсукент және Қарабұлақ орталық ауруханаларында 87 орын бар. Қосымша Қарабұлақ ауылындағы «САПА» жекеменшік медициналық орталығынан тағы 30 орын ашылған.





Жоғары қарай