
Жетісайлық диқандар қырыққабат егуді бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары егістік алқаптарындағы жұмыстарын бастап кетті. Егін егуді ерте бастаған Атамекен, Ералиев ауыл округтерінің диқандары қазірдің өзінде жалпы 12 гектар жерге қырыққабат отырғызып үлгерген, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ақмола облысында өткен жылы ауыл шаруашылығы бойынша 40 жоба іске асырылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола өңірі Қазақстанның ең ірі агроөнеркәсіптік кешені және облыс елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында 12,8 пайыз тұрақты өсім қамтамасыз етілді.

Агросаладағы сұрақтарға жылдам жауап беретін Telegram-бот іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Telegram мессенджерінде чат-ботты іске қосты. Енді министрліктің халыққа және фермерлерге көрсететін мемлекеттік қызметтерін жедел алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ауыл шаруашылығын цифрландырудың мүмкіндіктері қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, 2020 жылдың 11 айында 8 құс фабрикасы, сондай-ақ үйрек пен қаз өсіретін екі ферма іске қосылды. Былтыр сүт өндіру бағытында 13 мың бас малды қамтитын 18 сүт-тауарлы ферма пайдалануға берілді. Мұнымен қоса, 3,2 мың бас малы бар 30 отбасылық сүт-тауарлы ферма жұмысын бастады.

Пандемияға қарамастан Қазақстанда егіс алқаптарының көлемі артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -2020 жылы егін егу науқаны коронавирус салдарынан күрделі жағдайда өткені белгілі. Осыған қарамастан, төтенше жағдай кезінде саладағы жұмыстарды сапалы әрі уақытылы ұйымдастыру үшін тиісті шаралар қабылданды. Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында өте маңызды болды.

Қазақстанда өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы ауыл шаруашылығында айтарлықтай өсім байқалып отыр. 11 айдың қорытындысы бойынша бұл саладағы жалпы өнім көлемі 5,9 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға артты. Жалпы ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 4,7 пайызға артып, 454,2 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде азық-түлік өндірісіне салынған инвестиция көлемі 18,6 пайызға жоғарылады.

Канадада қазақтың ақбас тұқымды сиырының генетикалық стандарты жасалмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық ірі қара малдың «қазақтың ақбас сиыры» атты тұқымы біздің республикадан тыс жерлерде де танымал. Бірақ, белгілі болғандай, біздің әйгілі тұқымның әлі де генетикалық стандарты жоқ. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Рабиға Тоқсейітова Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай