
Қазақстан тұтынушы елден өндіруші елге айналуды тездетуі керек - Мейрам Жанәділов
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан тұтынушы елден өндіруші елге айналуды тездетуі керек. Елбасының жақында жариялаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына қатысты Қазақстанның құрметті журналисі Мейрам Жанәділов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан туралы қызықты материалдарды «National Geographic-ке» шығаруға болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ тіліндегі үздік зерттеу материалдары «National Geographic» халықаралық журналы үшін ағылшын тіліне аударылады. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан кейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Трамп әкімшілігіне Еуразиядағы негізгі әріптес ретінде Қазақстанның рөлін күшейту керек - The Hill
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «The Hill» танымал американдық саяси порталында Жаһандық қауіпсіздікті талдау институтының Энергетика, табиғи ресурстар және геосаясат орталығының директоры, Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты, АҚШ-тың Халықаралық қатынастар одағының мүшесі Ариэль Коэнның «Қазақстан - АҚШ-тың Еуразиядағы әріптесі» атты мақаласы жарияланды.

Омбыда қазақ тілі оқытыла бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қыркүйек күні Омбыдағы №130 орта мектебінде Қазақ тілін оқыту орталығының тұсаукесері өтті. Бұл - облыста соңғы екі жылда ашылған жетінші орталық. Қазақ тілін оқып-үйренгісі келетін оқушылар орталыққа екінші сыныптан бастап аптасына екі рет, ал жоғары сынып оқушылары үш рет келетін болады. Аталған мектептің директоры Вячеслав Шестаков бұл тәжірибенің табысты болатынына сенімді. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарияланған мақаласында «Омская правда» газетінің бас редакторы Андрей Мотовило тарқатып жазған.

G-Global өзектілігі жылдан-жылға арта түсетін болады - Paris Match
ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда құрылған G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңын «G-20» және дамушы елдер арасындағы сұхбат орталығы ретінде құру бастамасының өзектілігі жылдан-жылға арта түсетін болады. «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатта Paris Match француз апталығының тілшісі Ричард Арзт осындай пікір білдірді.

ЕАЭО қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы ерекше геоэкономикалық факторға айналды - Қ.Тоқаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы ерекше геоэкономикалық факторға айналды. Бұл туралы Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев беларустық «Столичное телевидение» (СТВ) телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Айыптаушы Мұхтар Әбіләзовтің сыбайласына 9 жыл сұрап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде айыптаушы көлеңкелі қаражатты заңдастырды деген баппен айыпталып отырған Мұхтар Әбіләзовтің сыбайласы Александр Поткинге жалпы режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрауда, деп хабарлайды Би-би-си.

АҚШ мемлекеттік департаменті Орталық Азиядағы жобаларға 15 млн доллар қаражат бөледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Орталық Азия елдері, С5+1 (латын қарпі) форматының қатысушылары - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанмен бірлескен бес жобаны жүзеге асыруға ниетті. Бұл өзара қарым-қатынас өткен сәрсенбіде Вашингтонда аталған елдердің сыртқы істер министрлері мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри арасындағы келіссөздердің негізгі тақырыбы болды, деп хабарлайды ТАСС.

«Мәңгілік полк» әлеуметтік желісі Панфилов дивизиясын жинайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соғыс ардагерлері мен ұрпақтарына арналған, «Ресей мәңгілік полкы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының бастамасымен ашылған әлеуметтік желі күннен-күнге жаңа пайдаланушылармен толығып келеді. Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ұрпақтары ресурсқа өз ата-бабалары жайлы мәліметтерді тіркеп жатыр.

Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 4 жылда ең жоғары мәніне жетті - Д.Ақышев
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың маусым айының соңында Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 30,5 млрд. долларды құрап, 2012 жылдың шілдесінен бергі барынша жоғары мәнін көрсетті. Бұған қоса, Ұлттық қордың активтері 65,7 млрд. долларын құрады. Бұл туралы Bloomberg-ке сұхбат берген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

Халықаралық «Әлемдік жүгіру» эстафетасының қатысушылары Қазақстанда болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 2 шілдеден 25 тамызға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының аумағынан Халықаралық «Әлемдік жүгіру» алау эстафетасының Азия-Тынық мұхит тармағы өтеді, ол Қытай, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан. Ресейді, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия мен Мұхит елдерін біріктіреді, деп хабарлады Қазақстан мен Орталық Азиядағы эстафета үйлестірушілері.

К.Мәсімов: 20 жыл ішінде Қазақстанға 210 млрд. доллардан астам тікелей инвестициялар тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұзақ жылдар бойы Орталық Азия аймағындағы тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы ел болып қалып отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов The Diplomat басылымында жарияланған мақаласында мәлімдеді.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай