Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Селфи жасау үшін электр бағанасына шыққан жасөспірімді тоқ соқты – Алматы облысы

2020 жылдың 4 шілде 2020 13:22

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат -Алматы облысында смартфон камерасының көмегімен бірегей селфи-автопортрет жасауға әрекет жасаған кезде жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 шілде күні кешкі сағат тоғыз шамасында Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында 2005 жылы туған жасөспірім селфи – сурет түсірілімін жасау үшін, өзінің үйінің жанындағы көшедегі электр бағанасына шыққан. Электр тоғы соғуының салдарынан ол жерге құлап, екі қолдың 1,2,3,4 дәрежелі электрлік күюін, жабық бас сүйек-ми жарақатын, 1-2 дәрежелі травматикалық шок алған.

Ол Іле ауданының ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер жасөспірімінің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.


Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай