Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семей әкімінің резиденциясы сатылады

2019 жылдың 2 мамыр 2019 15:44

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Семей қаласы әкімінің аппаратына» тиесілі қала сыртындағы кең сарайдай үш коттедж курортымен, үш тұрғын үйімен саудаға қойылды. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов журналистермен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала сыртындағы резиденция 158 млн теңгеге бағаланып отыр. Әзірге қызығушылық танытқандар көп болғанымен, сатып алушы табылмады. Журналистермен өткен жиында қала әкімі Ермак Сәлімов Семей қаласы әкімінің аппаратына тиесілі нысанның не үшін сатылымға шығарылғанын түсіндірді. Оның айтуынша, бүгінгі күні резиденция қаңырап бос тұр. Сондықтан сату туралы шешім қабылданған.


null

«Мен бұл резиденцияда тұрдым. Алайда қыс мезгілінде екі рет өкпеме суық тиіп, ауырып қалдым. Әйелім де ауырды. Қазір қалада тұрамын. Онда әкім және әкімнің орынбасары да тұрды. Бұл үшін біраз қаражат жұмсалды. Бүгінде бос тұр. Осы уақыт аралығында түрлі ұсыныстар келді. Сондықтан біз резиденцияны сату туралы шешім шығардық», - деді қала басшысы.

Резиденцияны сату-сатып алу келісімшартының талабына сәйкес, сатып алушы тек өзінің отбасына, туған-туыс, достарына ғана емес, қала қонақтары мен тұрғындары үшін қызмет көрсетуге міндеттеледі. Сонымен қатар, база аумағын абаттандыруы керек.

«Біз базаны кез келгеннің қолына бермейміз. Байқау жарияланды. Сатуға қойылған сома аз қаражат емес. Резиденцияның орналасқан жері өте ыңғайлы. Қызығушылық танытып жатқандар көп, бірақ нақты сатып алушы әлі табылған жоқ»,- деді Ермак Сәлімов.

Фото: gosreestr.kz

Жоғары қарай