Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Семей кәсіпкерлері коронавирусқа байланысты шектеу шараларын қолдап отыр

2020 жылдың 14 маусым 2020 10:01

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының кәсіпкерлерімен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Басқосу барысында облыстың бас санитар дәрігерімен бірге қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын күшейту жайы талқыланды. Барлық ұсыныс қоғаммен талқыланып, келісілді және бүгін облыстың бас дәрігерінің кезекті қаулысы шықты.

Жиында аймақ басшысы Семей тұрғындарына коронавирус инфекциясы туралы түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізіліп жатқанын айтты. Даниал Ахметов қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жөнінде халықты күнделікті ақпараттандыруды жөнге салуды тапсырды.




Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 14 маусымға дейін 252 адамда коронавирус белгілері анықталған. Оның дені - Семей қаласынан, атап айтқанда 155 адам аталмыш вирусты жұқтырған. Соңғы он күннің ішінде 56 жағдай тіркелген. Соңғы аптада облыстағы аурудың үлесі 4,1 пайызды құрап отыр.

Облыс бойынша Семейдегі эпидемиологиялық жағдай қиын. Аурудың қорытындысы бойынша 70% Семейде тіркелген. Мұнда көп жағдай бір ошақтан тіркелуде. Облыстың бас санитар дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, 27 үй жағдайында 82 адам ауырған. Оның ішінде 12 адам - бір ошақтан. 4 жағдай бес ошақта тіркелген. 3 жағдай - 6 ошақта, 2 жағдай - 16 ошақта тіркелген.

Вирусты таратушылар арасында ешқандай ауру белгісі байқалмай, науқастанғандар да көбеюде. Олардың мұндай дертке шалдыққандары өзге адамдармен байланысқанда анықталады. Бүгінде Семейде 103 адамда ешқандай ауру белгісі жоқ. Сондай-ақ қаладағы кәсіпорындарда жаппай жұқтыру жағдайы орын алды. Мәселен, Семейдегі тері-венерологиялық диспансерде - 37, «Қазполиграф» - 27, туысқандарымен араласқан 15 адам жұқтырған.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, аталмыш дерттің күн санап өсуіне қарапайым нормалар мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындамау, арақашықтықты сақтамау себеп болып отыр. Семей қаласындағы жағдайға байланысты ШҚО бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты.

Жалпы, облыста 1512 адаммен байланыста болған 151 ошақ бақылауда болады. Оның ішінде 716 жақын байланыс, 796 потенциалдыға жатады.

1512 адам анықталып, оқшауланды. 26 карантиндік стационарда, 1486 үйде оқшаулануда.


Жоғары қарай