Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семей құтқарушылары өртенген үйден 3 газ баллонын шығарып үлгерді

2020 жылдың 23 қазан 2020 15:37

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қазан күні сағат 19:44-те Аккульская көшесіндегі жер үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде баспананың дәлізі мен шатырын, жиһаз бен тұрмыстық техниканы жалын шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында үй ішінен 27 литрлік үш газ баллоны табылып, лезде сыртқа шығарылды. Бір сағаттың ішінде өрт толықтай өшірілген.

«Жалынның жалпы ауданы 40 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан денесін күйік шалған 1968 жылғы үй иесі ауруханаға жеткізілді. Оқиға себебі анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, өрт сөндіруге барлығы 15 адам және 4 техника жұмылдырылды


Жоғары қарай