Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Семейде 10 жасар бала Ертіс өзеніне батып кетті

2020 жылдың 30 маусым 2020 14:49

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейдегі Ертіс өзенінде 2010 жылғы бала шомылу кезінде белгісіз жағдайда суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Кеше кешке полицияға бір әйел келіп, болған оқиға туралы хабарлаған. Оқиға орнына тергеу тобы шықты.

Әжесі мен немересінің Ертіске бірге барып, немересі суға шомылғаны белгілі болды.

«Бір кезде ол баланың суда қимылсыз қалқып жатқанын көрген. Ол көмекке туыстарын шақырған. Олар баланың денесін судан алып шығып, оны көлікке салып, жақын орналасқан медициналық мекемеге әкелді. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланың көз жұмғанын тіркеді», - деп хабарлады ТЖБ-дан.

Қазір қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.


Жоғары қарай