Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде 17 млн теңге жымқырған банк қызметкері сотталды

2021 жылдың 29 шілде 2021 20:21

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 17 млн теңге жымқырған банк қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық №2 сотта банктердің бірінің бұрынғы қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (Қызметтік лауазымын пайдалана отырып аса ірі көлемде ақша жымқыру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

«Сот барысында анықталғандай, айыпталушы өткен жылдың тамызы мен қараша айлары аралығында банкоматтардан жалпы сомасы 17 095 000 теңгені ұрлап, ұтыс ойындарына жұмсаған. Прокурор оны 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраса, жәбірленушінің өкілі заңға сәйкес жазалауды өтінді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот шешімімен банктің бұрынғы қызметкері қаржы саласында жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырылып, 7 жыл мерзімге түрмеге қамалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.



Жоғары қарай