Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде 5 мыңға жуық бала Pfizer вакцинасын салдырды

2021 жылдың 4 желтоқсан 2021 03:34

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 5 мыңға жуық бала Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда Семейде Pfizer вакцинасын 4744 бала, 86 жүкті және 338 бала емізетін әйел алды. Балаларды иммундау тек ана-аналардың жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі.

Медицина ғылымдарының кандидаты, Семей медициналық университетінің «Балалардың жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша жоғарғы санатты дәрігері Анаргүл Мансұрованың айтуынша, америкалық екпе балаларға еш қауіпсіз.

«12-ден 18 жасқа дейінгі балалар коронавируспен ауырғанда дертті дәл ересек адамдар сияқты өткереді. Асқынулар да болады. Бір жасқа дейінгі сәбилерге жұқпалы сырқаттар ауыр тиеді. Егер үйде нәресте бар болса, онда барлық отбасы мүшелерінің вакцина алғандары жөн. Короновирус әлі жойылған жоқ, штамм мутациялануда. Пандемияның қашан бітетіні белгісіз», - дейді ол.


Жоғары қарай