Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай жұмыс атқарылуда

2021 жылдың 24 қараша 2021 19:20

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев «Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай жұмыс атқарылуда?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бағаны тұрақтандыру мақсатында бөлшек сауда нысан басшыларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 10%-дан аспайтын ең төменгі үстемені қолдану бойынша 520 меморандум жасалды. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ сауда павильондарында тауарлар белгіленген бағалар бойынша еш үстемесіз сатылады. Жыл басынан бері аталған корпорацияға 3100 тонна жеміс және көкөніс өнімдері алынған. Оның ішінде картоп – 1500 тонна, қырыққабат – 450 тонна, сәбіз – 400 тонна, пияз – 750 тонна», - деді ол қалалық Ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясында.

Дархан Жоргекбаевтың айтуынша, бірінші сұрыпты нан бағасын өсірмеу мақсатында тұрақтандыру қорына 200 тонна ұн жеткізілген.

«Тұрақтандыру қорының өнімдерін «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның 10 сауда павильонынан алуға болады. Сондай-ақ қосымша павильондар салуға шаһар бойынша 9 жер учаскесі бөлінген», - деді Семей әкімінің орынбасары.


Жоғары қарай