Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Семейде егіс науқаны басталды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 15:52

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей өңірінде егіс науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі., деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ержан Сүлейменнің айтуынша, биыл егіс алқаптарының жалпы көлемі 14,7 мың гектарды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5% артық. Жоспар бойынша 1049 гектар дәнді дақылдар, 3096,5 гектар картоп, 1474,7 гектар көкөніс, 46 гектар бақша дақылдары егілмек. Ауыл шаруашылық субъектілері сапалы тұқымдармен толықтай қамтамасыз етілген.

«Тұқымды материалдар сапасы мен себуге жарамдылығын анықтау үшін «Казагрэкс» АҚ зертханасына жіберілді. Осы жылы 1-2 сорттағы және ІІІ репродукциялы тұқымдар қолданылады. Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің 8,8 мың тонна картоп тұқымы 3096,5 гектар алқапты толықтай қамтамасыз етеді. Ал көкөніс дақылдарының элиталық тұқымдары қапталған түрде Голландия мен Ресейден жеткізілмек», - деді Ержан Сүлеймен онлайн брифинг барысында.

Бүгінде Семейде тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Шаһарда картоптың жоғарғы өнімді тұқымдарын өндіретін 2 ауылшаруашылық құрылымы бар. «Агрофирма Приречное» ЖШС мен «Мұздыбай-1» ШҚ биыл картоптың 1200 тонна І, ІІ, ІІІ репродукциялы тұқымдарын сатуға дайындады.


Жоғары қарай