Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде екі монша өртенді

2021 жылдың 22 мамыр 2021 19:14

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екі монша мен саяжай отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 мамырда түнгі сағат 02:00-де құтқарушыларға Красин көшесіндегі моншаның шатыры жанып жатқаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жеткен.

«Олардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында тілсіз жау ауыздықталып, өрттің одан ары таралуына жол берілмеді. Қызыл жалынмен күреске жеке құрамнан 35 адам мен 10 техника жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы және отты пайдалану кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, қалада тағы бір монша мен саяжай отқа оранған. Өрттің жалпы ауданы 68 шаршы метрге жетті. Құтқарушылар жалын шарпыған аумақтан 27 литрлік газ баллонын тауып, дереу сыртқа шығарды. Тілсіз жауды өшіруге жеке құрамнан 20 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Екі жағдайда да қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Жоғары қарай