Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Семейде Ертіс өзеніндегі көпір түнде жабылады

2020 жылдың 10 шілде 2020 16:31

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде Ертіс өзеніндегі автокөлік жүретін көпірді жабу (белгілі бір уақыттарда) туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің айтуынша, Семей тұрғындары бірнеше рет қалалық әкімшілікке шағымданып, автокөлік көпірінің жағдайына қанағаттанбайтындарын жеткізген.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының ұсынысымен нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындау туралы шешім қабылданды.

«Мердігер ұйымның мамандары көпірді техникалық тексерістен өткізеді. Нысанның құрылыс сараптамасы бойынша объекті уақытша жабылады», - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Айта кетсек, автокөлік көпіріндегі қозғалыс кешкі 21.00-ден таңғы 05.00-ге дейін жабылады.


Жоғары қарай