Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Семейде халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады

2020 жылдың 1 маусым 2020 16:52

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 1 маусымнан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты ХҚО-ларда электронды форматта қолжетімді емес «қағаз» қызметтер көрсетіледі. Орталыққа бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдын ала брондау қажет.

«Кезекті алдын ала брондау шаралары семейліктер мен орталық қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сондай-ақ ХҚО-ға келген кезде маска режимін сақтау қажет», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтің 80% астамын egov.kz электрондық үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы онлайн форматта алуға болады. Компьютері жоқ азаматтар үшін ХҚО ғимаратынан тыс өздігінен қызмет алуға арналған 28 egov.kz бұрышы ашылды. Олар әкімдік ғимаратында, қалалық кітапханаларда орналасқан.

Басқа ұйымдар іске қосылғаннан кейін осындай бұрыштар саны тағы ұлғаяды.


Жоғары қарай