Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде қамалып қалған балаларды құтқару үшін төтеншеліктер пәтерге балкон арқылы кірді

2019 жылдың 10 мамыр 2019 09:48

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейлік құтқарушылар пәтерде қамалып қалған 5 баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Селевин көшесіндегі көпқабатты үйдің екінші қабатында тіркелді. Анасының далаға шыққанын көрген балалардың бірі пәтердің есігін іштен жауып алған. Анасы қайта келген уақытта олар есікті ашпаған. Ал үйде 1, 3, 5, 7, және 8 жастағы балалар болған.

Балаларға қауіп төнгендіктен анасы құтқарушыларды көмекке шақырған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар арнайы баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кіріп, есікті ашты.

«№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары оқиға орына жедел жетіп, қажетті көмекті көрсетті. Балалардың барлығы аман-есен анасына табысталды», - делінген қалалық ТЖБ таратқан хабарламада.




null

Жоғары қарай