Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде маска тақпағандарға айыппұл салынуда

2021 жылдың 10 мамыр 2021 19:21

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулерін сақтамайтындар әлі де анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингтік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

«9 мамыр күні Семей қаласында 345 объекті тексерілді. Облыстың Бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу шараларын бұзудың 4 фактісі тіркелді. Нақты айтқанда, сауда орындарында, қоғамдық тамақтану объектілеріне маска режимін сақтамағандар анықталды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Сонымен қатар Риддер, Курчатов қалаларында және Абай, Үржар, Шемонаиха, Бесқарағай аудандарында рейд жүргізілген. Карантин талабын бұзғандар тіркелген жоқ.

Айта кетейік, жалпы 1 күн ішінде облыс бойынша мыңнан астам нысан тексерілген.


Жоғары қарай