Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде мектеп түлектері 1 мыңнан астам ағаш отырғызды

2019 жылдың 25 мамыр 2019 23:44

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Бүгін семейлік түлектер өз оқу орындарының аумағында тал екті. Жалпы қала бойынша 1 мыңнан астам көшет отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Халықаралық әуежай маңайында тұтас аллея пайда болды. Қала әкімі Ермак Сәлімовтың қатысуымен ашылған «Түлектер аллеясында» барлығы 300 қылқан жапырақты ағаш бой көтерді.




«Бұл акцияны өте маңызды күнде өткізіп жатырмыз. Акцияны Қарағайлы шағын ауданында өткізгіміз келген, бірақ оны әуежай аумағында өткізуді ұйғардық. Өйткені алыс және жақын жерлерге оқуға барып, туған қалаға оралғанда : «Бұл ағашты мен отырғыздым!» деп есіне алып жүретін болады», - деді қала əкімі Ермак Сəлімов.




Айта кету керек, биыл Семейде 1 071 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Олардың 60-қа жуығы «Алтын белгіге» үміткер. 55 түлек «Үздік аттестатқа» ие болады. Түлектерді алда Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұрса, кіші буын оқушылары жазғы демалысқа дайындалуда. Білім бөлімінің мәліметтері бойынша осы жазда қала сыртындағы лагерьлерде 2 мыңнан астам оқушы демалып, 1 746 бала мектеп жанындағы лагерьде тамақтануға мүмкіндік алады.











Жоғары қарай