Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде оқушыларға жазғы лагерьге баруға рұқсат берілді

2021 жылдың 26 мамыр 2021 20:30

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында оқушыларға жазғы лагерьге баруға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін жазғы лагерьлер жұмыс істейтін болады.

Бұл жайлы баспасөз мәслихаты барысында қалалық білім бөлімінің әдіскері Сәуле Дүйсембекова мәлім етті.

«Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса қала сыртындағы лагерьлер жалпы толтырылуын 50%-дан асырмай жұмыс істейді. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды лагерьге жіберу жоспарланып отыр. Мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы әзірге белгісіз. Дегенмен олар балалармен онлайн форматта түрлі шаралар өткізуге дайындалуда», - деді ол.

Сәуле Дүйсембекованың айтуынша, өткен жылы мектеп жанындағы лагерьлер онлайн форматта жұмыс істеген.

Олардың мектеп сайты және арнайы бағдарламасы бар.

«Онлайн лагерьді ұйымдастыруда көп қиындық болған жоқ. Өйткені балалар қашықтан білім алуға бейімделіп қалды. Сондықтан биыл да осындай форматта өткізуге дайынбыз. Әзірге эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын күтудеміз», - дейді білім бөлімінің әдіскері.


Жоғары қарай