Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Семейде волонтерлер 70-тен асқан қарттарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуде

2020 жылдың 7 сәуір 2020 08:55

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жасы 70-тен асқан зейнеткерлер мен І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігі «Adal» супермаркет және «Adal-pharm» дәріхана желісімен бірлесіп, қарттар мен мүгедектерге ең қажет заттарды үйге жеткізуді ұйымдастырған. Ол үшін тұрғындар 52-12-12 телефон нөміріне қоңырау шалып, тапсырыс беруі тиіс. Жастар ресурстық орталығының еріктілері тамақ пен дәрілерді тиісті мекен-жайға дейін жеткізеді.

«Тапсырысты аптасына бір рет жасауға болады. Байланыс орталығының мамандары өтініштерді 07.00-ден бастап 19.00-ге дейін қабылдайды. Сәуірдің 2-сінен бері 1200 өтініш түскен», - деді ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Үміт Кеңесбекова.

Зейнеткер Бибігүл Алпанова 70 жаста. Қосымша шектеулер енгізілгеннен кейін зейнеткер үйден шығуын сиретті.

«Көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, өзіме қажетті заттарға тапсырыс бердім. Еріктілер бәрін уақытында жеткізді. Менің ойымша, мұндай қиын уақытта біз үйде отыруымыз керек. Солай ғана біз өзімізді және жақындарымызды жұқпалы дерттен қорғай аламыз», - дейді Бибігүл Алпанова.








Жоғары қарай