Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Семейде заманауи полиция бекеті ашылды

2020 жылдың 23 маусым 2020 14:58

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында заманауи учаскелік полиция бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция бекеті Қарағайлы ықшамауданындағы тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Жалпы ауданы 100 шаршы метрден асатын ғимараттың техникалық жабдықталуы заманауи талаптарға толықтай сәйкес келеді. Ондағы тәртіп сақшылары озық байланыс құралдарымен, кеңсе техникаларымен және компьютерлермен қамтамасыз етілген.

Әр подъездердегі бейнекамералардың жазбалары осы полиция бекетінде тікелей көрсетілетін болады. Мұнда төрт учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор профилактикалық шаралармен айналысады. Полиция бекеті орташа есеппен 24000 адамға қызмет көрсетеді.





«Бұл полицейлердің жұмысына жайлы жағдай жасауға бірден-бір мүмкіндік. Кең әрі жарық бөлмелер көмекке мұқтаж адамдарды қабылдауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Енді жаңа ықшамауданның тұрғындары алысқа сенделмей-ақ кез-келген мәселелері бойынша учаскелік полиция қызметкеріне жүгіне алады», - дейді Семей қалалық Полиция басқармасының басшысы Мақсат Зекенов.

Айта кетейік, жаңа бекет Қазақстанның полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ашылып отыр.


Жоғары қарай